Лариджани: Кейбіреулер Сирия дағдарысының аяқталуын қаламайды
Қаз 12, 2016 22:37 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Кейбір елдер Сирия дағдарысының аяқталуын қаламайды»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани: «Бұл елдер аймақтағы мұсылмандарды қақтығыстыруды мақсат тұтады. Қазіргі жағдай Израиль режимінің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Израильдіктердің өздері жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша, олар ислам елдерінде ешқашан соғыс отын сөндірмеу үшін тіпті лаңкестік топтармен байланыс орнатқан.
Осындай жағдайда Иран өз дайындығын арттырып, дұшпандарды жақсырақ танып, әрдайым қауіпсіздікті сақтауы тиіс»,-деп баса айтты.
Тегтер