Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сайлаулардың жалпы саясатын мәлімдеді
(last modified Sun, 16 Oct 2016 02:36:38 GMT )
Қаз 16, 2016 08:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сайлаулардың жалпы саясатын мәлімдеді

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Конституцияның 110- шы қағидасының бірінші бабын орындауда Жүйе мүддесін анықтау алқасымен кеңесуден кейін белгіленген сайлаулардың жалпы саясатын мәлімдеді.

Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні сайлаулардың жалпы саясаты мәтінін 18 бапта үштік билік басшылары мен Иранның жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасына жеткізді.

Осы хабарлама баптарының бірінде былай деп жазылған: «Ислам кеңесі мәжілісіне және қалалық, ауылдық ислам кеңестеріне сайлау өңірлерін демография мен жағдайға қарап белгілеу сайлаудың әділетті өтуі мен халықтың кандидаттарды тануына жағдай жасауы керек».

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ қарулы күштер, үштік билік, соның ішінде министрліктер мен соларға қарасты аппараттардың, барлау және қауіпсіздік аппараттарының, органдар мен үкіметтік компаниялардың, жалпы органдардың саяси топтасуы мен сайлауларға араласуына және үміткерлерді жақтауына тыйым салуды қуаттап: «Президенттік сайлау, Ислам кеңесі мәжілісі, Эксперттер мәжілісі мен қалалық және ауылдық ислам кеңесіне сайлауларды ІІМ Ішкі Істер министрінің төрағалығы және орталық сайлау комиссиясының қадағалауымен өткізеді.

Осы комиссияның құрамы мен міндетін, сондай- ақ облыстық және қалалық атқарушы делегациялардың құрамы мен міндеттерін заң белгілейді» деді. 

 

Тегтер