Амир Абдоллаһиан Иранның АҚШ-қа сенбейтінін қуаттады
(last modified Mon, 17 Oct 2016 09:45:08 GMT )
Қаз 17, 2016 15:45 Asia/Almaty
  • Амир Абдоллаһиан Иранның АҚШ-қа сенбейтінін қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Иранның қарсыласу шебіндегі өз одақтастарын қолдайтынын, АҚШ-қа еш уақытта сенім артпағаннын, келешекте де сенім артпайтынын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметінше, Самир Ғантардың шәһид болуының жылдығы қарсаңында бұл шәһидтің әйелі Зейб Барджави Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі әрі Палестина интефазасын қолдайтын халықаралық конференцияның Бас хатшысы Хосейн Амир Абдоллаһианмен кездесті.

Амир Абдоллаһиан кездесуде шәһид Самир Ғантарды еске алып, оның Құдсты басып алушы режиммен күресудегі және Палестина мен қарсыласуды қолдаудағы батылдығын мадақтап: «Ақ үй мен сионизм және терроризм біртұтас үшбұрыш сынды. Олар Таяу Шығыс аймағындағы бейберекеттіктер  мен тынышсыздықтардың негізгі себепкерлері»,- деді.

Зейнаб Барджави де  бұл кездесуде ИИР-ның қарсыласу қозғалысын қолдауына алғыс айтып, АҚШ пен Израильдің қарсыласу қозғалысының, Хизболла мен шәһид Ғантардың дұшпандары деп атады.

Ливан Хизболласының танымал мүшесі 2015-ші жылдың желтоқсанында Дамаск аумағының Джермана аймағында сионистердің шабуылында шәһид болды.