Армия әуе күшінің «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» атты жаттығу басталды
https://itolqyn.com/news/iran-i16285-Армия_әуе_күшінің_Рухани_жетекшінің_жолында_жандарын_қиюшылар_атты_жаттығу_басталды
Иран ислам республикасы әуе күшінің «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» атты алтыншы жаттығуы Иранның орталығындағы Исфаханның Анарак аймағында басталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 17, 2016 19:28 Asia/Almaty
  • Армия әуе күшінің «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» атты жаттығу басталды

Иран ислам республикасы әуе күшінің «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» атты алтыншы жаттығуы Иранның орталығындағы Исфаханның Анарак аймағында басталды.

ИРНА-ның хабарлауынша, мемлекеттік және әскери қолбасшылардың қатысуымен өтетін «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» алтыншы жаттығуының ақпарат хатшысы, бригада генералы, ұшқыш Масуд Роузхош дүйсенбі күні жаттығудың үш күн бойы түрлі ұшақтар, қырғи ұшақтар, бомбалаушы, жүк тасушы және жеңіл ұшақтардың қатысуымен өтетінін мәлімдеді.

Бригада генералы ұшқыш Масуд Роузхош коммуникациялық, барлаушы, жағармай тасушы және ұшқышсыз ұшақтардың да осы жаттығуға қатысатынын қуаттап: «Армия әуе күшінің «Рухани жетекшінің жолында жандарын қиюшылар» атты алтыншы жаттығуында осы күштердің Иранның әуе кеңістігін қорғаудағы әлеуетінің бір бөлігі ғана көрсетілетін болады» деді.