Ислам революциясының жетекшісі ғылым салаларындағы ең үздік таңдаулылар мен дарындарды қабылдауында баяндама жасады
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні ғылым салаларындағы ең үздік таңдаулылар мен дарындарды қабылдауында «жаһандану» тақырыбы мен америкалықтар мен еуропалықтардың Иранға «әлемдік жанұяға» қосылу туралы кеңесіне тоқталды.
Ислам революциясының жетекшісі: «Батыс тарабы әлемдік қоғам деп атайтын дүниеге қосылуға қарсылық сыртқы байланыстарға қарсылық деген мағынаны білдірмейді, керісінше ірі алпауыттардың Иранның саясаты, экономикасы мен қауіпсіздігіне таңған мәдениетіне қарсы табандылық таныту дегенді білдіреді»,-деп еске салды.
Аятолла Хаменеи Еуроодақтың Иранның мүмкіндіктері мен әлеуеттерін қарастырған соңғы мәлімдемесіне тоқталып: «Иранның дамыған мүмкіндіктері мен адами және табиғи ресурстары туралы сөздер бос дақпырт емес, шындық. Батыстықтар да мұны мойындап отыр»,-деді. Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар осындай дамыған әлеуеттер мен исламға негізделген үкіметі бар Иранмен міндетті түрде күреседі»,-деп баса айтты.
Иран халқы өткен жарты ғасырда ғылым мен экономика саласындағы өзінің артта қалуының маңызды бөлігінің АҚШ-тың ішкі іске араласуы мен шектен тыс талап етуінің салдары екенін тәжірибе жүзінде түсінді. АҚШ ядролық бағдарламаға алаңдау сылтауымен Иранды ауыр санкциялар қысымының астына алып, талай рет Иранға әскери таңдау жолын қолданамыз деп қоқан-лоққы жасады. АҚШ ұзақ жылдар бойы Иран халқын тізе бүктіруді армандап келеді. Бірақ бүгінде санкциялар мен әскери қоқан-лоққылар арқылы Иран халқына үстемдік жүргізе алмайтынын біледі. Әрине, бұл жауластық аяқталды деген мағынаны білдірмейді. АҚШ үкіметі әртүрлі сылтаулармен Иранға қарсы шаралар атқарды. Бұл жауластық көне жараға айналып кеткен. АҚШ Иранға қарсы көптеген таңдау жолдарын күн тәртібіне қойып келеді. Соның ішінде Иранға мәдени ықпал, оның ғылыми дамуына кері әсер ету, оның экономикалық өсуіне кедергі келтіруді атауға боалды. Бұл қолдан жасалған үдерістің айқын жолдауы бар: оның ең негізгісі – дұшпанды тануда қырағылыққа ие болу қажеттігі. Осы тарихи хабардарлықтың негізінде Иран халқы АҚШ үкіметіне сенуге болмайды деп санайды. АҚШ атқарған шаралардың жиынтығы Иран халқы тұрғысынан АҚШ мемлекеттік қайраткерлерінің үстемшіл пиғылдарын анықтайтын сынақ болып табылады. Әрине, бұл жиынтыққа АҚШ мемлекеттік қайраткерлерінің руханилық пен ақлақтан тыс мінез-құлықтарын да қосу қажет. АҚШ-тағы руханилық пен ақлақтан тыс қасиеттер осы елдің шекараларымен шектелмейді. АҚШ-тағы сайлау науқаны мен екі үміткер арасында көтерілген тақырыптар бұл елдегі билік тізгінін ұстағандарда руханилық пен иманның жоқтығын айқын көрсетті.
Ислам революциясының жетекшісі осы жөнінде: «Алдағы апталарда АҚШ-тағы президенттік сайлауға үміткерлердің бірі құдірет, байлық, ең көп атом қаруы мен әлемнің ең үлкен ақпарат құралдарына ие осы елдің Президенті атанады. Біреулер АҚШ-тың бұл амал-әрекеті бір күні тыйылар деп ойлайтын болар, бірақ АҚШ-тың бір күні үстемшіл әрекеттерін тоқтататынын көрсететін ешқандай айқын дәлел жоқ»,-деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи айтқандай, қазіргі адамзат қоғамының қиыншылықтары мен материалдық ойлардың тығырыққа тірелуі әлемге адамзат мәселелері мен халықаралық түйткілдерді шешу үшін жаңа бір сөздің қажет екенін көрсетіп отыр.