Рухани: Иран әлемде бейбіт өмірдің болуын қалайды
https://itolqyn.com/news/iran-i16483
ИИР Президенті әлемде, әсіресе Таяу Шығыста бейбіт өмірдің болуын Иран халқының негізгі қалауы деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2016 18:42 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран әлемде бейбіт өмірдің болуын қалайды

ИИР Президенті әлемде, әсіресе Таяу Шығыста бейбіт өмірдің болуын Иран халқының негізгі қалауы деп мәлімдеді.

ИИР Президенті Хасан Рухани Ұлттық экспорт күніне орай Теһранда ең үздік экспорттаушылардың ортасында: «Иран әлем мен аймақта бейбіт өмірдің болуын қалайтынын бар дауысымен жариялайды»,-деді.

ИИР Президенті Иранда мол мүмкіндіктер мен жарқын қабілеттердің барлығын айтып: «Иранның жоғары саяси-экономикалық орнын әлем халықтарына көрсетіп, басқалар тудырған Ираннан үркудің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеуіміз керек»,-деді.

Рухани ең жақсы экспорттың сәтті бәсекелестік аясында қалыптасатынын айтып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы саудагерлер, іскерлер, тауар мен қызмет экспорттаушылардың алдындағы қиындықтар мен кедергілерді жойып, инвестицияның келуі мен банктік байланыстың жеңілдеуіне  жағдай жасай алды»,-деді.

Рухани: «Иран үкіметінің ең үлкен мақсаты – сауда-саттықты жеңілдету, Иран экономикасы мен тауар экспортын дамыту және шетелдік инвестицияны тарту. Сапарлардың көбінде шетелдік компаниялармен әріптестік орнатып, келісім жасап, Иранның дамуына кеңістік тудыруға талпыныс жасалды»,-деп баса айтты.   

ИИР Президенті халықаралық іскерлерге және ирандық тауарларды шет елдерге экспорттауға қолдау көрсетуді елдің СІМ, елшіліктері мен консулдықтарының міндеті деп атап: «Иран өндіріс пен экспорт саласында сәттілікке қол жеткізу үшін сындарлы әріптестік негізінде әлеммен қарым-қатынас жүргізуде»,-деді.