Рухани мәжілістің ашық отырысында баяндама жасады
(last modified Tue, 01 Nov 2016 12:53:54 GMT )
Қар 01, 2016 18:53 Asia/Almaty
  • Рухани мәжілістің ашық отырысында баяндама жасады

ИИР президенті мәжіліс пен үкіметтің көбірек ой бөлісіп, ынтымақтастық жасауын халыққа пайдалы әрі халықтың қалауы деп атады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауы бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні ислам кеңесі мәжілісінің үкіметтің Тәлім- тәрбие, Мәдениет пен исламдық бағдар және Спорт пен жастар министрі лауазымына ұсынған үш үміткерге сенім дауысын беру үшін өткен ашық отырысында сөйлеген сөзінде: «Бүгінде әлемде Иран халқына қарсы көбірек санкция салу бойынша бәсеке жоқ» деді.

Экономикадағы тыныштық пен сыртқы саясаттың ашылуының 11- ші үкіметтің әрекет ету бағыты болғанын және болатынын қуаттаған Рухани: «Иранға үрке қарау туралы сөйлейтіндердің бүгінде тілдері күрмеліп отыр. Барлық қаржылық, валюталық, банктік және халықаралық органдар аймақта шетелдік инвестиция салу үшін Иранды ең үздік әрі қауіпсіз ел және шетелдік инвесторларды тарту үшін өзге елдерден тартымдырақ деп санайды.

«Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы – Иран халқының әлеммен сындарлы әріптестік жасау және халықаралық нарықта бәсеке үшін таңдаған жолы. Ислам республикасы үшін күн сайын  ядролық технологияда және халықаралық банктермен байланыста жаңа жол ашылып жатыр» деді.