Аятолла Хаменеидің адмирал Тангсиридің шәһид болуына байланысты  жолдауы
https://itolqyn.com/news/iran-i83484-Аятолла_Хаменеидің_адмирал_Тангсиридің_шәһид_болуына_байланысты_жолдауы
ParsToday – Иран Ислам революциясының жетекшісі жолдауында Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштерінің батыл және жүрегі жігерлі қолбасшысы, адмирал Әлиреза Тангсиридің шәһид болуына көңіл айтты.
(last modified 2026-03-31T02:24:54+00:00 )
Нау 31, 2026 06:42 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің адмирал Тангсиридің шәһид болуына байланысты  жолдауы

ParsToday – Иран Ислам революциясының жетекшісі жолдауында Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштерінің батыл және жүрегі жігерлі қолбасшысы, адмирал Әлиреза Тангсиридің шәһид болуына көңіл айтты.

ParsToday-дің хабарлауы бойынша, аятолла Хаменеидің жолдауының мәтіні келесідей:

 

 بسم الله الرّحمن الرّحیم

 

 ولاتَحسبَنَّ الّذینَ قُتِلوا فی سبیلِ‌اللهِ اَمواتاً بَل اَحیاءٌ عِندَ رَبِّهِم یُرزَقون

"Алла жолында өлтірілгендерді өлілер деп ешқашан ойламаңдар, керісінше, олар тірілер, өз Иелерінің жанында ризықтанып жатқандар".  (Құран, Әл-Бақара,  169)

Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің батыл және жүрегі жігерлі қолбасшысы, адмирал Әлиреза Тангсири жылдар бойы жиһадтан кейін шәһид болу мәртебеге жетті. Тангстанның жүрегі жігерлі перзентінің, Иранның жауынгері және Исламның қорғаушысының үшінші таңылған соғыс кезінде шәһид болуы Бушердің жүрегі жігерлі халқына, оңтүстік аймақ жастарына, Ислам республикасының қарулы күштеріне және әрқашан Иранның тәуелсіздігі мен теңіз шекараларын, әсіресе Парсы шығанағын қорғаушы Иран халқына теңіз қуаты мен төзімділігінің жолын өткен кезден күштірек және мықты етіп жалғастыру үшін үлкен мақтаныш құжат болып табылады, Иншааллаһ.

Мен сол батыл қолбасшының шәһид болуымен отбасына, жолдастарына және теңіз күштері мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшыларын құттықтаймын және көңіл айтамын,   Алладан сол шәһид үшін дәрежесінің жоғарылауын сұраймын.

 

Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи

 

10 фарвардин 1405 ж.

30 наурыз 2026 ж.