Бақаи: АҚХА-нің Иран ядролық нысандарына қарсы немқұрайлығы өкінішті
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Атом Қуаты Халықаралық агенттігінің (АҚХА) Иран ядролық нысандарына қарсы шабуылдарға қарсы немқұрайлығын өкінішті деп сипаттады.
ParsToday-дің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи баспасөз отырысында: «АҚШ пен сионистік режимнің ядролық нысандарға қарсы жасалған әрекеттері қылмыс»,- деп айтты.
Бақаи былай деп қосты: «Агенттік жарғысы бойынша бұл қылмыскерлік әрекеттер және АҚХА мен оның бас директоры Рафаэль Гроссидің назар аудармауы одан да өкінішті.
Бақаи былау деп атап өтті: «Гросси бірнеше рет қате көзқарасты таңдады және агрессорларды айыптау орнына сұхбаттарында мәселелерді одан сайын шиелі ететін сөздерді қолданады. Ядролық таратпау жауапкершілігі бар жақтан мұндай болжам айту қабылданбайды».
Исмаил Бақаи: «Өкінішке орай, агенттік бас директоры осы екі жылда айыптамағандықтан және бейтарап болмағандықтан өзін қорғайтын есеп бермеді»,- деді.
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сондай-ақ: «Мұндай жағдайда Агенттіктің алғашқы жұмысы шабуылдарды айыптау болуы керек, бірақ біз мұны көрмедік»,- деп айтты.