Рухани: Басқару жұмыстарына әйелдердің атсалысуы қажет
Иран президенті ирандық банудың Мәдени мұра, қолөнер бұйымдары мен туризм ұйымының жаңа басшысы ретінде тағайындалуын әйелдерге елдің басқару салаларына көбірек атсалысуы үшін туындаған мүмкіндік деп атады.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауы бойынша, Хасан Рухани министрлердің жиналысында: "Әйелдердің басқару жұмыстарына ықпалды түрде қатысуы үшін жағдай жасау қажеттілік болып табылады" деді.
Рухани сонымен қатар құнды мәдени мұраға жататын жәдігерлердің төрт тобының елге қайтарылуы мен елдің бес жәдігерінің UNESCO-да тіркелуін, мейманханалық іс пен туризмнің кеңеюі және мекендерді жеке секторға тапсыруды соңғы жылдардағы осы ұйымның маңызды жетістіктері деп атады.
Сонымен қатар, Каспий теңізінде ИИР мен Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан мен Түркіменстан арасында теңіз саудасына арналған кеме жүргізуге қатысты келіссөздер жүргізу және уақытша келісімге қол қоюға лицензияның берілуі министрлері кабинетінің осы жиналысында қабылданған қаулылардың қатарына жатады.