Рухани: Америкадағы сайлау нәтижесінің Иранның саясатына әсері жоқ
ИИР президенті Америкадағы сайлау нәтижесінің ислам республикасының саясатына әсері жоқ екендігін қуаттады.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет делегациясының отырысында сөйлеген сөзінде Иран тұрғыларының тек Иран халқының қалауы мен талабының ықпалында екендігін, шетелдік үкіметтердің ауысуымен өзгермейтіндігін, сол себепті де абырой мен тәуелсіздікке ие болып отырғанын қуаттап: «Иранның саясаты әлеммен сындарлы әріптестік жасауға негізделген. Ядролық санкциялардың алынуы Иранның барлық елдермен экономикалық байланысын даму жолына бағыттады.
Бүгінде Американың Иранға үрке қарауды пайдалануға және Иранға қарсы әлемді біріктіруге қауқары жоқ. Американың халықаралық қауымдастық пен әлемнің қоғамдық пікірі арасындағы мәртебесі қате саясаттарының салдарынан әлсіреді. Әлемдік қауымдастық және Еуропамен арадағы жіктің көбеюі Американың мәртебесіне көбірек соққы береді» деді.
Сондай- ақ Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Америкадағы сайлау нәтижесінің саяси, экономикалық және қауіпсіздік қырынан Иран ислам республикасының саясаты мен әрекеттеріне әсері жоқтығын айтып: «Негізінен аймақтағы кейбір елдерге қайшы Иранның тәуелсіз ұстанымы мен парасатты әрекеттері ешбір кезеңде өзге елдердегі биліктің ауысуының ықпалына түскен емес. Иранның саясаты халықтық қолдау және ішкі мүмкіндіктерге иек арту арқылы өзінің жарқын жолын хикмет, ғиззат және мүдде негізінде өткеруді мақсат етеді» деді.