Карунның батысындағы ортақ мұнай кеніштерінің үш фазасы пайдалануға берілді
«Ядаваран» кенішін дамыту жобасының бірінші фазасы, «Солтүстік Азадеган» кенішін дамыту жобасының алғашқы фазасы және «Солтүстік Яран» кенішін дамыту жобасы ИИР президенті Хасан Руханидің қатысуымен Иранның оңтүстік-батысындағы Хузестан облысында ашылды.
«Ядаваран» мұнай кенішін дамыту үшін алдымен 85 мың баррель мұнай өндіру көзделген болатын, бірақ Иран үкіметінің Мұнай министрлігі мамандарының еңбегінің арқасында қазір осы көрсеткіш 115 мың баррельге жетіп отыр.
Иранның ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры Әли Кардер Карунның батыс аймағында осы компанияның үш ірі дамыту жобасын ресми түрде пайдалануға беру қарсаңында, Карунның батысындағы кеніштерден шикі мұнай игерудің күніне 260 мыңнан астам баррельге жеткенін мәлімдеді.