Рахим Сафави: Мақсатымыз – ислам әлемінің ықпалдастығы
(last modified Mon, 14 Nov 2016 13:45:19 GMT )
Қар 14, 2016 19:45 Asia/Almaty
  • Рахим Сафави: Мақсатымыз – ислам әлемінің ықпалдастығы

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің көмекшісі әрі аға кеңесшісі ислам үмбетінің ықпалдастығы мен аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнатуға көмектесудің қажеттігін қуаттады.

Ислам республикасы қарулы күштері бас қолбасшысының көмекшісі әрі аға кеңесшісі және ислам әлемінің болашағын зерттеу кеңсесінің төрағасы сардар Яхия Рахим Сафави Теһранда «Ислам әлемінің геосаяси дағдарыстары» атты халықаралық форумында сөйлеген сөзінде бұл форумның мақсатын мұсылмандар арасында іріткінің алдын алу үшін жаңа ғылыми әдебиет қалыптастыру деп атады.

Ислам әлемінің болашағын зерттеу кеңсесінің төрағасы кейбір елдердегі, соның ішінде Ливия, Сирия, Йемен, Бахрейн, Ирак пен Ауғанстандағы қазіргі қақтығыстар мен дағдарыстарға сілтеме жасап, аймақтағы текетірестердің әлемнің өзге аймақтарына таралуына жол бермеу керектігін баса айтты.

Сардар Рахим Сафави Теһрандағы «Ислам әлемінің геосаяси дағдарыстары» халықаралық форумының келесі бір мақсатын аймақ пен әлемде қауіпсіз, бейбіт және тыныш кеңістік орнатуға және ислам үмбетінің ықпалдастығына көмектесу деп атады.