Ислам революциясы жетекшісінің Иран халқының сайлауларға қатысуына байланысты жолдауы
Иран Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауында: «Иранның хабардар және қырағы халқы Эксперттер Мәжілісінің сайлауы мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына қатысып, діни халықтық демократияны әлемдіктерге көрсетті.
ИРНА-ның Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аятолла Хаменеи жексенбі күні кешке жасаған жолдауында Иран халқына алғысын айтуымен бірге, мемлекет басшыларының халыққа алғыс айтуын қажеттілік деп атап, Иранның жан-жақты және ішкі дамуын саяси мақсат ретінде қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер Мәжілісіне сайланғандарға, елдің басқа билік органдарында лауазымға ие адамдарға қарапайым өмір сүріп, адалдық, жеке және өз тобының қалауынан бұрын ұлттық мүддені ойлауға, бөгделердің араласушылығымен батыл қарсыласуға, қиянат жасаушылар мен қаскүнемдерге революцияшыл реакция білдіруге, ойлары мен ғамалдарында джиһадтық міндетті жауапкершілікке ие кезеңнің тұрақты бағдарламасы деп санауға, ешбір жағдайда сол жолдан таймауға кеңес берді.
Аятолла Хаменеи елдің дамуын негізгі мақсат деп атап, ұлттық тәуелсіздік пен ғизатсыз сырт көзгі дамудың қабылданбайтындығын қуаттады.
Ол даму мен алға ілгерілеудің әлемдік үстемшілдіктің дұшпандығын жою болып табылмайтынын баса айтып: «Ұлттық ғиззат пен ұлттық болмысты жан-жақты және ішкі дамусыз сақтау мүмкін емес»,- деп мәлімдеді.