Рухани: Иранның саясаты әлеммен сындарлы әріптестік жасауға негізделген
https://itolqyn.com/news/iran-i18169
ИИР Президенті әлеммен сындарлы әріптестік жасауды Иранның даму саясаты перспективасының бірі бөлігі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 17, 2016 15:04 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның саясаты әлеммен сындарлы әріптестік жасауға негізделген

ИИР Президенті әлеммен сындарлы әріптестік жасауды Иранның даму саясаты перспективасының бірі бөлігі деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  сәрсенбі күні Альборз облысының үлемдері, ардагерлері және елдің таңдаулыларымен кездесуінде: «Әлеммен әріптестік пен сыртқы қарым-қатынасты үстем мерей мен сындарлылық негізінде жасау керек. Осыған орай Иран шетелдік инвестицияны тарту жолында экономиканы дамытуға талпыныс жасауы тиіс»,-деді.

Хасан Рухани  Иранның мұнай-газ саласына инвестиция тарту және  көршілес елдермен ортақ мұнай кеніштерін тиімді пайдалану қажеттігін баса айтып: «Иранның Иракпен ортақ мұнай кеніштерінен өндіретін өнімі 45 мың баррельден 300 мыңға жуық баррельге артты»,-деді.

Рухани Иранның Airbus ұшақ жасаушы компаниясымен келісімшартына тоқталып: «Иранның Airbus компаниясымен әріптестік жасау үшін қойған шарты сол компания үшін бөлшектер жасау болды. Ираның университеттік зерттеу орталықтары талпыныс жасап, осы мақсатқа жетуі керек»,-деді.  

Ол, сондай-ақ, Альборз облысын дамыту және инвестиция салу туралы отырыста «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының кейбір жетістіктерін қайтарымсыз деп атап: «Осы бағдарламаның жетістіктері өзгертілмейді,  ешкім оны бұза алмайды»,-деді.