Ақп 01, 2016 09:23 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ үкіметі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындауға міндеттеме қабылдаған

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары: "АҚШ үкіметі виза заңын «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан туындайтын мүддеге нұқсан келмейтіндей етіп орындауға міндеттеме қабылдаған" деді.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сейіт Аббас Арақчи жексенбі күні Теһранда АҚШ үкіметі тарапынан виза беруге шектеу қою заңы және оның «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына әсері мен осы негіздегі шараларға Иранның реакциясы туралы: «АҚШ үкіметі алғашқы қадамда кәсіпкерлердің Иранға сапар жасағанда қиыншылыққа душар болмауы үшін шара қабылдады» деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының Джидда өткен таяудағы төтенше отырысында Сауд Арабиясы қайраткерлерімен кездесу өтті ме деген сұраққа берген жауапта: «Джидда отырысы Сауд Арабиясының өтінішімен осы елдің Теһрандағы елшілігіне жасалған шабуыл мәселесін қарастыру үшін өткізілді. Иранның сол отырысқа қатысуы Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының Иранның сыртқы саясатында маңызды мәртебеге ие екендігін білдіреді.

Сауд Арабиясының Теһрандағы елшілігіне баса-көктеп кіру тақырыбы бір түйткіл болғанымен, ислам әлемінің шынайы мәселесі емес. Палестина үкіметінің Израильдің «әл- Ақса» мешітіне жасаған шабуылы туралы Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуін сұрағанына бір жылдан астам уақыт өтті» деді.

Тегтер