Революция жетекшісі: Санкцияларды 10 жылға ұзарту "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзады
(last modified Thu, 24 Nov 2016 09:27:20 GMT )
Қар 24, 2016 15:27 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: Санкцияларды 10 жылға ұзарту

Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні басиждер мен олардың қолбасшыларын қабылдауында АҚШ Конгресінде Иранға қарсы санкцияларды он жылға ұзарту заңына тоқталып: "АҚШ-тың қазіргі үкіметі ядролық келісім мәселесінде осы уақытқа дейін көптеген ауытқушылықтарға жол берді. Солардың бірі – санкцияларды 10 жылға ұзарту" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі: "Егер бұл санкциялар жүзеге асырылса "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзады. Америка Ислам Республикасының міндетті түрде бұл әрекетке реакция көрсететінін білсін" деді.

АҚШ-тың саясаты мен іс-әрекеттері әрдайым Иран үшін қауіп-қатер және тұрақсыздық тудырып келеді. АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттерін бұзуы да осы ережеден тыс қалған жоқ. Егер ядролық келісім мен "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырудың мақсатының сенім тудыру және Иранға қарсы қысымдар мен санкцияларды жою екенін қабылдайтын болсақ, ондай жағдайда бұл келісімнің қарсы тарабының, әсіресе, АҚШ-тың өз міндеттерін орындамағанын айтуға болады. АҚШ Иранның өзінің міндеттерін толығымен орындағанын жақсы біледі. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бұл мәселені бірнеше рет қуаттады. Атом қуаты халықаралық агенттігінің директоры Юкио Аманоның "Ортақ қадам" бағдарламасынан кейінгі бірнеше есебі де осы мәселені қуаттайды. Алайда АҚШ ядролық келісімді Иран елі мен халқына қысым көрсету құралына айналдыруға талпыныс жасап жатыр.

Бұл әрекеттер ИИР-на қарсы әлі де көптеген түрлі қауіп-қатерлердің бар екендігін көрсетеді. Бұл қауіп-қатерлер дәстүрлі соғыстан бастап жұмсақ соғысқа дейінгі барлық әрекеттерді қамтиды. АҚШ Иранның ядролық мәселесі туралы жалған уәж айту жобасы сәтсіздікке ұшырап, "Ортақ қадам" бағдарламасына қол қойылғаннан кейін Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттерінен бас тартуға әлі де әзір емес екендігін көрсетті. Сол себепті АҚШ-тың қатынасы өзгерген жоқ.

Санкцияларды он жылға ұзарту және Иранға қарсы төтенше жағдайдың жалғасуы АҚШ-тың ядролық мәселені сылтауратып, Иранды қысымға алуды көздеп отырғанын көрсетеді. "Ортақ қадам" бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейін Ираның аймақтағы байланыстардағы рөлі артты. Бұл өзгеріс АҚШ-тың басқа салалардағы Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің артуына себеп болды. АҚШ Иранды аймаққа төніп тұрған қауіп ретінде көрсетуге талпынуда. Иранды лаңкестікті қолдап отыр деп айыптау да АҚШ-тың Иранға қысым көрсету үшін өз жұмыс тәртібіне енгізген мәселелерінің бірі. АҚШ осындай әрекеттерімен бір мезгілде аймақ елдері арасында ұлттық және ұлыстық мәселелер тудырып, аймақтық елдердің интеграциясына кедергі жасап отыр.

Ислам революциясының жетекшісі Хосейннің қырқы - "арбағин" күнгі рәсімдерге тоқталып: "Миллиондаған адамның осы рәсімдерге қатысуы – көрегенділікпен астасқан махаббат пен тартымдылықтың белгісі. Бірақ кейбір тараптар арбағинді бұрмалауға немесе оны жоюға талпыныс жасап жатыр. Алайда олар бұл әрекеттерінде табысқа жетпейді. Иран және Ирак елдері үшін үлкен нығмет болып табылатын бұл рәсімдер тұрақтылық пен мақтанышқа себеп болады" деді. Хазірет аятолла Хаменеи кейбір аймақ елдерінің басиджден үлгі алуы мен дұшпанның осы үлгіге соққы беруді жоспарлауына тоқталып: "Дұшпанның жоспарларының бірі  аса маңызды "ықпал ету" мәселесі болып табылады. Өткен жылдары бұл мәселе бойынша бірнеше рет ескерту жасалды" деді. 

АҚШтың Иранмен мәселесі – Иран халқының ревоюцияшыл рухқа ие болуы мен оның тәуелсіздік және үстемшілдікпен күреске бағытталған АҚШ-тың зұымдығына қарсы ұстанымдары. Үстемшіл жүйенің қастықтары мен кедергі тудыруларымен күресудің жалғыз жолы – ревоюциялық күрес пен көрегендікке негізделен басидждік рухқа ие болу.