«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайда Иран тиісті шара қолданады
(last modified Tue, 29 Nov 2016 11:01:40 GMT )
Қар 29, 2016 17:01 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайда Иран тиісті  шара қолданады

ИИР Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайда Иранның тиісті шара қолдануға дайын екендігін мәлімдеді.

Иранның Атом қуат ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи дүйсенбі күні Теһранда журналистердің алдында берген сұхбатта АҚШ тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бұзылған жағдайдағы Иранның реакциясына тоқталып, Иран Президентімен өткізген жуырдағы отырыста  бұл мәселеге қатысты қандай шара қолдану туралы пікір алмасқандарын мәлімдеді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Егер америкалықтар Иранға қарсы снакцияларын ұзартатын болса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылатынын айтып: «Иран ядролық мәселеге қатысты келіссөздерді өткізген  кезде қарсы тараптың өз міндеттемелеріне табансыздық танытатынын болжаған болатын, өйткені батыстықтарға еш уақытта сенім артуға болмайды»,- деді.

Салеһи Иранның бір жарым жылдың ішінде  уран байыту мүмкіндігін айтарлықтай мөлшерге жеткізе алатынын қуаттап: «Теһран  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына нұқсан келгенін қаламайды, сондықтан бұл салада сабыр сабыр сақтап, қырағылықпен әрекет ететін болады»,- деп баса айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер