Жел 05, 2016 08:04 Asia/Almaty
  • Жаһангири: АҚШ- тың келісім бұзушылығы халықаралық әріптестікке қайшы шара

ИИР президентінің бірінші орынбасары Америкалықтардың "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасына қарсы кедергі келтіруі мен уәдеде тұрмауын халықаралық диалог пен әріптестікке қайшы шара деп атады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири жексенбі күні Теһранда: «"Ортақ қадам" келісімі Иранның әлемдегі алты алпауыт елмен ұзақ және күрделі келіссөздерінің жемісі болып табылады. БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесі оны халықаралық деңгейде бекітіп, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі мен Еуропа Одағы растады. Американың "Ортақ қадам" келісімін орындауға кедергі келтіруі Иран халқы және үкіметімен ғана қарсылық емес.

Американың Иран халқымен дұшпандығының тамыры тереңде жатыр. Вашингтонның "Ортақ қадам" келісіміне қарсы шарасына қалай тосқауыл қою жөнінде  Иран өз елінің ресми органдары деңгейінде шешім қабылдауы керек» деді.

 

 

Тегтер