Лариджани: АҚШ Иранға қарсы санкцияларды ұзартуын еш себеппен ақтай алмайды
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы АҚШ Сенатының Иранға қарсы 10 жылдық санкциялар заңын ұзартуын халықаралық міндеттеме тұрғысынан ақтауға болмайтынын қуаттады.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні мәжілістің ашық отырысында АҚШ Сенатының Иранға қарсы 10 жылдық санкциялар заңын ұзартуға дауыс беруіне сілтеме жасап: «АҚШ Конгресінің жуықтағы шешімі ядролық келісімге қайшы, өйткені "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сегіз бабында осындай ұстанымға қарсылық көрсетілген.
АҚШ конгресмендерінің жартысының демократиялық партия мүшелері болғанына қарамастан олардың біреуі де Иранға санкцияларды ұзартуға қарсы дауыс бермеді. Осының өзі АҚШ билігінің Иранға қарсы санкцияларды ұзартуға бірауыздан келіскенін көрсетеді» деді.
Лариджани сондай- ақ осы шараны АҚШ- тың қазіргі президентінің беделінің жоқтығын көрсетеді деп атар: «АҚШ президентінің өзі үшін Конгресте кейбір шектеулер бар деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.
Иранға санкция салу заңында (Д'Амато ) негізінен мұнай мен газ және Иранның мұнай химия өнеркәсібіне арналған инвестицияларға санкция қоюға ден қойылған. Алайда "Ортақ қадам" келісімінің 21-ші бабында Американың осы санкцияларды алып тастау керектігі айқын жазылған» деп мәлімдеді.