Рухани: "Ортақ қадам" келісімі бұзылса, Иран кесімді жауап береді
ИИР президенті Иранның Америкаға "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасын бұзуға немесе жыртып тастауға жол бермейтінін баса айтты.
ИИР президенті сейсенбі күні Теһран университетінде «Студент күні» рәсімінде жасаған баяндамасында АҚШ-тың болашақ үкіметі және "Ортақ қадам" келісімін бұзу мен жыртып тастау жөніндегі қоқан-лоққылары туралы: «АҚШ Иран халқының талап-жігері мен төзімділігіне және қарсыласуына әсерін ете алмайды.
АҚШ "Ортақ қадам" келісімін орындау жолында кедергі келтіріп отыр. Егер Американың Иранға қарсы 10 жылдық санкцияларын АҚШ президенті күшіне енгізсе, Иран оған кесімді әрі тиісті жауап береді.
Сәрсенбі күні Американың Иранға қарсы 10 жылдық санкцияларын күшіне енгізуіне Иранның реакциясының түрі мен жауабы туралы шешім қабылданады.
Иран ешбір ел үшін қауіпті емес, әлем жұртшылығы үшін АҚШ пен сионистік режим қауіпті» деді.
Рухани сондай-ақ Ирандағы саяси тәуелсіздікті қуаттап: «ИИР даму мен революция жолындағы өз бағытын жалғастырады» деді.