Рухани: Мұсылмандар мен Иранның күш- қуатының негізі бірлікте
(last modified Sun, 11 Dec 2016 16:34:42 GMT )
Жел 11, 2016 22:34 Asia/Almaty
  • Рухани: Мұсылмандар мен Иранның күш- қуатының негізі бірлікте

ИИР президенті: Мұсылмандар мен Иранның күш- қуатының негізі бірлікте. Келіспеушілікке қарай әрекет ету ислам дінінің қағидаларынан алшақтау болады» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Иранның сүнниттерінің бір тобын қабылдауда ислам пайғамбарының салтын мұсылмандардың бірегей үлгісі деп атап: «Ұлыстар мен мазхабтардың көптігі қауіпсіздік үшін қоқан-лоққы емес, керісінше бірлік пен ұлттық даму үшін үлкен мұрсат болып табылады.

Ислам республикасының негізі басынан мазхабтық, этникалық және мәдени әртүрлілікті қабылдау болған. Құран барлық мұсылмандарды бауырмалдыққа, яғни бір отбасының мүшелігіне шақырған. Шиіттер мен сүнниттер – бір отбасының мүшелері» деді.

Сүнниттердің рауаяттары бойынша ислам пайғамбарының мәуліті – раби ал-аууал айының он екісі (12 желтоқсан) мен шиіттердің рауаяттары бойынша Алла елшісінің туған күні раби ал-аууал айының он жетісі (17 желтоқсан) аралығы Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің бастамасымен «Бірлік аптасы» деп аталған.