Революция жетекшісінің АҚШ-тың екіжүзділігіне қатысты көзқарасы
Америкалықтар сырттай айтылған уәждеріне қарамастан, ешқашан тәкфіршіл лаңкестіктерді жоюды көздеген емес. Олар сол лаңкестердің бір бөлігін өздерінің келешектегі мақсаттары үшін сақтап қалуға талпынуда.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Ирак шиіттерінің ұлттық колициясының төрағасы сейіт Аммар Хаким мен оның негізгі мүшелерімен кездесуінде осы мәселеге сілтеме жасап: «АҚШ үнемі мұсылман елдерінің, соның ішінде Ирактың күш-қуатына қарсы болған. Олардың сыртқы бейнелері мен күлімсіреуіне алданбауымыз керек», - деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Ирак мұнайының ДАИШ арқылы сатылып жатқанына сілтеме жасап: «Америкалықтар бұл жағдайда тек мұнай танкерлерінің қозғалысын ғана бақылап, олардың өздерін нысанаға алған емес. Сондықтан да АҚШ-қа сенім артпаған жөн" деп, ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Ирактың болашағын жарқын әрі бүгінгі күннен бақытты деп сипаттады. Жетекшінің Ирактың келешегі жайлы көзқарасы мен Ирак қауіпсіздігімен қатар оның дамуын қуаттауы Ислам Республикасының халықаралық ережелерге беріктігі мен аймақ халықтарының ортақ дұшпанының болмысын танитынын білдіреді. Бір күні Саддамның жақтастары кейпінде Таяу Шығыста соғыс пен қауіп тудырған дұшпандар бүгін де дәл сол басқыншылық ой, бірақ лаңкестікпен күрес сылтауымен аймақтағы саяси картаны өзгертуді жоспарлауда.
Аймақтың осындай жағдайында бірлікті сақтап қалу мен аймақтың шындығынан алыстау ісінде сәл ғана мүлт басу АҚШ-ты өзінің мақсаттарына жақындата түседі. АҚШ басшылығындағы үстемшіл жүйенің мақсаты бір күні ұлтшылдықтың өсуімен көрініс табатын немесе бөлініп шығу ұранымен басқа бір аймақта шиіттерден үркіту ағымын қалыптастыру арқылы алауыздық пен ішкі қайшылықтарды арттырып, аймақ елдерін өздеріне тәуелді ету болып табылады. Егер аталмыш астыртын әрекеттер дұрыс танылмаса, АҚШ тарапынан келетін залал үлкен болмақ. Соындай жағдайда қауіпсіздікті сақтау басты бағдар болып табылады.
Қауіпсіздікті сақтау қоршаған орта мен одан келетін қауіптерді толық тануды талап етеді. Мұндай тану екі жолмен, бұрынғы тәжірбиелер және саяси парасаттылық пен зердеге сүйене отыру арқылы іске асады. Бүгінде Ирак қиын-қыстау кезеңінен өтіп, шиіттердің ынтымағы «жұмсақ күшке» айналды. Бұл «жұмсақ күш» АҚШ-тың болмысын тану арқылы одан әрі ықпалды күшке айнала алады. Қазіргі таңда Ирак қол жеткізген бірлік рационалдық пен тәжірбиенің нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан, революцияның мәртебелі жетекшісінің сөздері – Иракты жарқын әрі үмітке толы болашаққа жеткізудегі жолашар. Осы жылдар ішінде Ирак халқына көрсетілген қанау мен қайғы-қасірет Батыстың, әсіресе АҚШ-тың ешқашан Ирак пен аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына алаңдамағанын көрсетеді. АҚШ тіпті әл-Каиданы құру мен ДАИШ-ке қолдау көрсетудегі өзінің қателіктерін мойындайды. АҚШ, жалпы айтқанда Батыс басшылары өздерінің алдамшы әрекеттерінің салдары болып табылатын Йемен, Ауғанстан, Ирак пен Сирия халықтарына көрсетілген қайғы-қасіретті өздерінің демагогиялық насихаттарының негізі деп санайды. Тұрақты да қауіпсіз Ирактың болашағы саяси фракциялануға қарамастан, оның барлық топтары мен тайпаларының бірлігіне байланысты. Ирактағы лаңкестік және ДАИШ-пен бірлескен күрестің бағалы жетістіктері Ирак шиіттерінің ұлттық коалицияларының жеңісіне борыштар. Бұл жеңістер қоқан-лоққыларды тек бірлік пен ынтымақты сақтау арқылы ғана жеңуге болатынын дәлелдеді. Ирак премьер-министрі әл-Абадидің ақпарат хатшысы әл-Хадиси жақында әл-Абадидің Ирак әскери күштерінің күш-қуатын арттырғысы келетінін және ДАИШ-пен Ирак жерінде басқа ешбір шетелдік күштердің соғыспайтынын мәлімдеген болатын. Алайда Сағд әл-Хадисидің бұл сөздеріне АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер қарсылық білдіріп, Иракты азат еткеннен кейін ДАИШ-ке қарсы коалициялық күштердің бұл елде қалатынын мәлімдеді. Сол себепті де революцияның мәртебелі жетекшісі Ирак шиіттерінің ұлттық коалициясының ішкі қозғалыстарының міндетін өте ауыр деп атап, олардың кез-келген шешімі мен амалының Ирак пен аймаққа, Ислам дініне әсерін тигізетінін айтты.