Лариджани: Еуроодақ лаңкестікпен күрес саласында бір шешімге келуі керек
(last modified Wed, 02 Mar 2016 10:12:57 GMT )
Нау 02, 2016 16:12 Asia/Almaty
  • Лариджани: Еуроодақ лаңкестікпен күрес саласында бір шешімге келуі керек

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің Төрағасы лаңкестікпен күресу саласында Еуроодақтың бір шешімге келуі қажеттігін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше, Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Австрияның Ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, қоршаған орта және су ресурстары министрі Андре Руппрехтермен кездесуінде: «Мұсылмандар лаңкестерге қарсы. Лаңкестерді тек азғана уаһабшылар тобы ғана қолдайды. Олардың мұсылмандар мен Ислам дініне қатысы жоқ»,- деді.

Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иран мен Австрияның өнеркәсіп, темір жол желілері арқылы тасымалдау салаларындағы ынтымақтастықтарын маңызды деп атап: «Келешекте басымдылыққа ие болатын энергетика, мұнай, газ және дәрі-дәрмек сынды салаларда инвестиция салуға мүмкіндіктер бар»,- деді.

Австрияның Ауылшаруашылық, орман шаруашылығы, қоршаған орта және су ресурстары министрі Еуропада Иран лаңкестікпен күрес саласында маңызды рөл атқарады және келешекте де осы жолдағы күресін жалғастырады деген ой қалыптасқанын айтты.