Ислам революциясы жетекшісінің оқушылардың кәмелетке келу күні рәсімінде сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның Иранның экономикасы, саясаты және мәдениетіне араласып, бақылауға алу талпыныстарын олардың ирандық жасөспірімдер мен жастарға әсерін тигізу саласындағы мақсаттарының бірі деп атады.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи сейсенбі күні имам Хомейни атындағы діни мекенде өткен Теһран қаласының екі мың оқушы ер баланың кәмелетке толу күні рәсімінде: «Иран халқының бүгінгі перзенттері және елдің ертеңгі ерлері мен басшылары болатын жасөсіпірімдер қоғамдық сахнаға белсенді қатысып, дұшпанның жобаларын залалсыздандыруға сындарлы әсерін тигізуі керек»,- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі кәмелетке жету күнінің маңыздылығына тоқталып, діни кәмелетке жету кезеңнің қадірін еске салып: «Адамның жеке және қоғамдық дамуының сыры Алламен қарым-қатынасын сақтауға байланысты. Бүгін Батыстың құлдырауының себебі Құдаймен қарым-қатынастарын үзуінде»,- деді. Аятолла Хаменеи Алламен қарым-қатынас орнататын ең жақсы жолды намаз бен Құран оқу деп атап: «Адамның намаз оқығанда Алламен сырласуына көңіл бөлуі тәуекел ету, батылдық және өзіне сенім артуына себеп болады. Сондықтан намазды дер уақытында және ықыласпен оқып, дұрыс жолға нұсқайтын Құранды үзбей қырағат етіңдер»,- деді.