Руханидің бұйрығы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына берілген қисынды жауап
(last modified Wed, 14 Dec 2016 11:09:42 GMT )
Жел 14, 2016 17:09 Asia/Almaty
  • Руханидің бұйрығы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамауына берілген қисынды жауап

Иранның ядролық мәселесіне қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзатын АҚШ Конгресінің Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту туралы соңғы шешімі Иранның реакциясына тап болды.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындамауы әрі оны бұзу саналатын  Иранға қарсы санкциялар заңының күшін 10 жылға ұзарту шешіміне (ISA) байланысты Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зарифке хат жолдап, "Ортақ қадам" келісімінде болжанған кезеңдерге шара қолданып, құқықтық және халықаралық тиісті шараларды шынайы түрде қарастыруға бұйырды. Хасан Рухани сонымен бірге Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһиге жолдаған келесі хатында халықаралық міндеттемелер бойынша  ядролық бейбіт бағдарламаны дамыту үшін ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық жасап, теңіздегі тасымалдау жұмыстарында қолданылатын ядролық қондырғыны жобалап, жасап шығару үшін әрекеттерді бастауды бұйырды.

Руханидің Сыртқы істер министр  мен Атом қуаты ұйымының басшысына берген бұйрығы Иранның ешбір жағдайда басқа тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында анықталған қызыл сызықты аттап өтуіне төзімділік білдіре алмайтынын көрсетті. Қисынды көзқарас бойынша «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімін бұзу  Иранға зиян келтіруден бұрын АҚШ пен басқа тараптардың қоғамдық пікірдің алдындағы беделіне нұқсан келтіріп, Қауіпсіздік кеңесін дағдарысқа тіреді. Өйткені Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайшы келетін ешбір әрекет жасаған жоқ. Руханидің Салеһиге жолдаған хаты да заңды әрекеттің үлгісі. Иран Президентінің елдің Атом қуаты ұйымының басшысына ядролық қондырғыларды шығару бұйрығы  негізінде бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарды жалғастыру болып табылады.

Иранның саудасының шамамен 90 пайызы теңіз қатынасы арқылы іске асырылады. Мұнайдың барлығы кемелер арқылы тасымалданады. Осыған орай Иранның жүк тасымалдайтын кемелері мен мұнай тасымалдайтын танкерлері ұзақ мерзімге әлемнің әртүрлі елдеріне қарай бет алады. Әлемнің  жүк  таситын кемелері мен танкерлері қазба отынды пайдаланады. Иранның бұл шешімі АҚШ пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының барлық тараптарына келісімнің екіжақты екенін еске салып, егер бір жақ міндеттемелерін орындамай,   оны бұзса, екінші жақтың, яғни Иранның міндеттемелеріне табанды қалуы қажеттілік емес екендігін мәлімдейді.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында  мұндай жағдайға қатысты заңды шаралар қарастырылған. Сондықтан Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының АҚШ немесе басқа тарап жағынан бұзылуына назар аударып, қарсы шара қолдана алады. Сондықтан бұл мәселенің екі тұрғысы бар: біріншіден, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші бұзған Иран емес. Бірақ Иранөзін қорғау құқығына ие; екіншіден Қауіпсіздік кеңесі мен аталмыш келісімнің орындалуын бақылайтын халықаралық комитет пен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі өз міндеттеріне сай Иран Сыртқы істер министрінің сұрақтарына қисынды жауап беруге міндетті. 

Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы сенім арту әрекеттерін қабылдап, ядролық ғылым саласындағы  жетістіктерін өз еркімен уақытша тоқтатты. АҚШ болса тіпті аталмыш келісімдегі міндеттемелерін орындаған да жоқ, нақтырақ айтқанда Иранға қарсы санкцияларды алып тастау үшін әрекет те жасамады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы сұрақ өте көп. Бұл келісімнен кейінгі жағдайдың өткенмен салыстырғанда көптеген айырмашылығы бар. Иран әлемге келіссөздер жүргізіп, келісімге келуді мақсат ететінін көрсетті. Бірақ АҚШ осы кезге дейін оған сенім артудан тартынып отыр. АҚШ-тың бекіткен заңы көптеген сұрақ тудырды. Халықаралық құқықтық жүйе бойынша АҚШ үкіметі оларға жауап беруге міндетті. Алайда АҚШ бұл шешімімен белгілі мақсатты көздеп отыр. Иранның он бірінші үкіметінің дипломатиялық органы АҚШ үкіметінің халықаралық келісімді бұзғаны үшін халықаралық қауымдастыққа Америка үкіметінің үстінен шағым түсіре алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                               

 

Тегтер