Рухани: Американың жуықтағы әрекеті "Ортақ қадам" келісіміне қайшы
ИИР президенті Американың жуықтағы әрекеттерін, әсіресе AISA заңын ұзартуын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайшы деп атады.
Иран презденті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Аманоны қабылдауында: «Американың Иранға қатысты ұстанған бағыт- бағдары АҚШ үкіметіне әлемдік сенімнің азаюына себеп болады.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі "Ортақ қадам" келісімінің баяндылығы бағытында өзінің барлық міндеттемелерін орындауы керек әрі есептері техникалық тұрғыда жасалып, бейтарап негізде болуы керек. "Ортақ қадам" келісімі үлкен келісім және оң тәжірибе. "Ортақ қадам" келісімі бір жақтан аймақ үшін тұрақтылық пен көбірек ынтымақтастықты сыйға әкелсе, екінші жағынан Иран халқына қарсы әділетсіз санкцияларды жойды» деді.
Рухани Иранның өз міндеттемелеріне берік болғанын және міндеттемелерді бірінші болып бұзбайтынын қуаттап: «"Ортақ қадам" келісімінің баяндылығы барлық тараптардың өз міндеттемелеріне берік болуына байланысты. Иран қарсы тарап "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелеріне берік болған кезге дейін өзінің міндеттемелерін орындайды» деді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано да осы кездесуде: «Иран Ислам Республикасы "Ортақ қадам" келісіміндегі өзінің барлық міндеттемелерін жақсы орындап келеді. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі де бар күшімен оның орындалуын қолдайды» деді.
Амано сондай- ақ келешекте АҚХА-нің бейтарап және техникалық ұйым ретінде өз жұмысын жалғастыратындығын қуаттады.