Рухани Армения, Қазақстан және Қырғызстан елдеріне сапар шегеді
(last modified Mon, 19 Dec 2016 09:01:56 GMT )
Жел 19, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Рухани  Армения, Қазақстан және Қырғызстан елдеріне сапар шегеді

Иран президенті аймақтық сапарының жаңа кезеңінде Армения, Қазақстан және Қырғызстан елдеріне сапар шегеді.

Иран президентінің ақпарат тарату кеңсесі басшысының орынбасары Парвиз Исмаили жексенбі күні Иран телерадио бірлестігіне берген сұхбатында: «ИИР президенті Хасан Рухани көршілес және аймақ елдерімен қарым-қатынастарын нығайту және ынтымақтастығын тереңдету саясатын жалғастыру мақсатында Армения президентінің ресми шақыруымен сәрсенбі күні жиырма бірінші желтоқсанда осы елдің астанасы Ереван қаласына сапар шегеді.

Одан кейін Иран президенті Қазақстанның Елордасы Астанаға сапар шегеді. Аталмыш сапар барысында екі ел басшыларының сұхбаттасуымен қатар, жоғары лауазымды делегациялар отырысы, ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қою рәсімдері және Иран президентінің баспасөз конференциясы өткізіледі», деді.

Иран президентінің ақпарат тарату кеңсесі басшысының орынбасары Руханидің аймақтық сапарының Қырғызстанға сапармен аяқталатынын айтып: «Руханидің Бішкекке сапарының бағдарламасы бойынша Қырғызстан президентімен кездесу, түрлі салалардағы бірнеше ынтымақтастық меморандумына қол қою, экономика белсенділерінің ортақ кеңесі мен ортақ баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған», - деді.