Рухани: Иран халқының барлығы заң алдында бірдей
ИИР президенті: «Иран халқының барлығы заң алдында бірдей. Осы қағида Конституцияда бекітілген» деді.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда "Конституция және халық құқығы" атты форумда: «Иран ислам республикасында ешкім заңнан тысқары емес. Барша заң шеңберінде әрекет етуі керек. Заң үстемдік ететін ел мен үкіметке ие болу үшін ешкім, ешбір орган мен ешбір топ, ешбір партия және ешбір ақпарат құралы өзін заңнан қауіпсіз санамауы керек.
Тұсаукесері өтіп, қол қойылған Азаматтық Құқық Жарғысы Конституция емес. Алайда бұл құжат Конституцияны күшіне енгізудің жолын жеңілдетеді әрі Иран ислам республикасының заңдарына да қайшы келмейді» деді.
ИИР президенті сондай- ақ Иранда ядролық қозғалтқыш қызметінің басталуына сілтеме жасап: «Осы жарлық бейбіт ядролық қызмет негізіндегі маңызды әрекет ретінде шығарылды. Жексенбі күні Иран президенті ретінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директорына осы ұйымның ядролық қозғалтқыш жасауда техникалық тұрғыдан Иранға көмектесуі керектігін мәлімдедім» деп қуаттады.