ИИР Президенті Орталық Азия мен Кавказ аймағына сапарын бастады
(last modified Wed, 21 Dec 2016 06:40:00 GMT )
Жел 21, 2016 12:40 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті Орталық Азия мен Кавказ аймағына сапарын бастады

ИИР Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні шекаралас және аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын тереңдету мақсатында Армения Президентінің ресми шақыруымен Ереванға аттанды.

Рухани Армения сапарынан бұрын журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Иран Армения, Қазақстан және Қырғыз республикаларымен экономикалық қарым-қатынастарының деңгейін арттыруды көздеуде»,- деді. Ол Иранның өткен жылдары Кавказ аймағы мен Орталық Азияның елдерінің осы үш елімен жақын қарым-қатынас  орнатқанына тоқталып: «Армения, Қазақстан және Қырғыз республикалары Иранды батыс, шығыс және солтүстікпен байланыстыратын дәліздің бір бөлімі. Бұл сапарда сауда қарым-қатынастарын кеңейту туралы кеңесулер өтеді»,- деп мәлімдеді.