Жел 24, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпагері: Алеппоның жеңісі лаңкестердің қолдаушыларын оқшауландырды

Теһран жұма намазының құтпагері: "Қарсыласудың жеңіске жетуі мен Сирияның Алеппо қаласының азат етілуі аймақта лаңкестер мен олардың қолдаушыларын оқшауландырды" деді.

Ходжат ул-ислам Казем Седдиқи осы аптаның Теһран жұма намазының құтпаларында Сирияның Алеппо қаласының азат етілуімен құттықтап: "Алепподағы қарсыласу майданының жеңісі ірі трансаймақтық алпауыттар мен тәкфіршілдердің өздерінің аймақтық қолдаушыларының мұнайдан түскен табысы және қаражаттарының көмегімен халықтық қарсыласудың алдында табандылық таныта алмағанын көрсетеді" деді.

Седдиқи Сириядағы Алеппо қаласының жеңісін исламдық жүйенің жеңісі деп атап: "Бүгін Алеппо қасиетті кесенені қорғау жолында шәһид болғандардың арқасында азат етілді" деді.

Ол сонымен қатар Бахрейн халқының жапа шегуі және әлемдегі  адам құқығы мен сөз еркіндігін қорғаушылардың үнсіздігіне тоқталып: "Бахрейндіктер тек сөз еркіндігі, сенім еркіндігі мен жеке құқықтарын талап етуде. Алайда осы елді билеп отырған режим олардың талаптарына назар аудармауымен қатар, мешіттер мен хосейниелерді қиратып, олардың көрнекті тұлғаларын жер аударып немесе қамауға алып жатыр" деді.

Седдиқи сөзінің соңында Сауд Арабиясының қылмыстары мен Йемендегі геноцид пен қырып-жоюға тоқталып: "Сауд режимі мұсылмандардың ақшасымен исламдық елдерді жоюды көздеп отыр. Алайда халықтың қырағылығы мен табандылығы бұл режимнің жойылуына себеп болады" деді.

 

Тегтер