Дей айының тоғызы күнгі ерлік – жүйе құдыретінің үлгісі
(last modified Wed, 28 Dec 2016 10:12:48 GMT )
Жел 28, 2016 16:12 Asia/Almaty
  • Дей айының тоғызы күнгі ерлік –   жүйе құдыретінің үлгісі

Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні шариғаттан сабақ беретін отырыстың басында және 1388 жылғы дей айының тоғызы (желтоқсан айының жиырма тоғызы) ерлігінің жылдығы қарсаңында дей айының тоғызы күнгі ерлікті ислам республикасы жүйесі құдіретінің үлгілерінің бірі деп атады.

Ислам революциясының  жетекшісі: «Бүгінде үстемшіл алпауыттардың ислам республикасымен қарсыласуы Иран халқының материалдық және рухани күші мен талап-жігерін жою мақсатын көздеп отыр»,- деді.

АҚШ Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдар бойы Иранның жүйесін әлсіретіп, халқының бірлігіне кедергі болып, ИИР-ның ішіне қайшылықтар тудыруды көздеді. Бірақ Иран халқының 1388-ші жылғы Иранның 10-шы президенттік сайлауынан кейінгі бүлік сынды оқиғаларға қарсы табандылық білдіруі халықтың маңызды күш және революция тұрақтылығының маңызды негізі екенін көрсетіп,  еш уақытта дұшпанға араласуға рұқсат бермеді. 1388-ші жылғы бүлік Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеген, бірақ сәтсіздікке ұшыраған қастықтардың бірі болды. АҚШ пен кейбір еуропалық үкімет Иранның Ислам республикасы жүйесі құрыла салысымен оны құлатуды өздерінің стратегиялы мақсаттары ретінде қалыптастырған болатын. Қазірде АҚШ Иран халқының бірлігі мен күш-қуатына байланысты қоқан-лоққыларды екінші орыға қойып, «жұмсақ соғыс» арқылы Иранға қарсы әрекет етуде. Батыстағы кейбір сарапшылардың пікірінше Ислам республикасы жүйесіне әсер ететін жалғыз жол «жұмсақ соғыс» және үгіт-насихаттық психикалық тактикалар.

Батыс барлық құралдарын, соның ішінде сайлаудың дұрыс өтуіне күмән тудырып, Ислам респбуликасы жүйесіндеі   діни халық демократиясын дағдарысқа тіреп, мақсаттарына жеткілері келді. Ислам респбуликасының жүйесі өз негіздері мен құндылықтарына сүйеніп тұрғанда бұл дұшпандық  жалғасады. Діни жетекші ғылыми, экономикалық, қоғамдық және халықтың күші сынды әртүрлі күш-қуатқа ие болу қажеттігін қуаттап, өткен жылғы 22-ші бахман шеруіне миллиондаған адамның қатысуы мен тоғызыншы дей сынды ерліктің орын алуын исламдық жүйе мен халықты жұмылдыру күшінің белгісі деп атады. Бұл күш-қуат Иран халқының қырағылығының нәтижесі. Иран Ислам революциясы жетекшісінің  айтуы бойынша, «Тоғызыншы дей ерлігі жүйе құдыретінің үлгілерінің бірі. Ол теңдессіз оқиғаны ешкім ұйымдастырған жоқ. Исламдық жүйенің негізгі идеялық күші халықты көшелерге шығарып, теңдессіз оқиға орын алды».

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер