Рухани мен Папа Франциск илаһи діндердің бейбітшілікке негізделгендігін қуаттады
ИИР Президенті мен әлем католиктерінің басшысы дүниежүзі халықтары мен мемлекеттерін әлемде бейбітшілік орнатуға талпынуға шақырды.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ИИР Президенті Хасан Руханидің сейсенбі күні Ватиканда әлем католиктерінің басшысы Папа Францискпен кездесуінде екі жақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың адамзаттың кезігіп отырған мәселелерін шешіп, қақтығыстар мен соғыстарды жылдам тоқтату үшін көбірек ынтымақтастық жасау қажеттігін қуаттады.
Ядролық келісім мен барлық тараптардың келісімдегі міндеттемелерін орындауының маңыздылығы, Таяу Шығыс пен осы аймақтағы мәселелерді саяси жолдармен шешу қажеттілігі Иран Президенті мен әлем католиктері басшысы сұхбатының келесі мәселелерін құрады.
ИИР Президенті Ватикан Премьер-министрімен кездесіп, екіжақты, аймақ пен әлемдік мәселелер туралы пікір алмасты.