Иран Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыратынын қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i23047
ИИР президенті Иранның Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін көмек беруді жалғастыратынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 12, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Ауғанстанға көмек көрсетуді жалғастыратынын қуаттады

ИИР президенті Иранның Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату үшін көмек беруді жалғастыратынын қуаттады.

Иран Ислам Республикасынынң президенті Хасани Рухани сәрсенбі күні Теһрандағы Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы басшысы Абдолла Абдолламен кездесуінде Ауғанстан үкіметі мен халқының Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсаджанидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуына алғыс білідіріп: «Ауғанстандағы саяси тұрақтылық пен бірлікті күшейту арқылы ортақ жобаларды жүзеге асыруға болады.

Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар портын кеңейту мен теміржол желілерін нығайту, әсіресе Иран теміржолын Герат қаласымен байланыстыру Теһран-Кабул қарым-қатынастарының дамуын жылдамдата алады»,- деді.

Аятолла Һашеми Рафсанджанидің көз жұмуына байланысты көңіл айту үшін делегацияны бастап Теһранға ресми сапармен келген Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы басшысы Абдолла Абдолла аталмыш кездесу кезінде: «Аятолла Һашеми Рафсанджани Ауғанстан халқы үшін танымал тұлға болып табылады. Біздің халқымыз бұл кісінің елімізге көрсеткен көмектерін, әсіресе қиын-қыстау кезеңінде көмек көрсеткенін ешқашан ұмытпайды»,- деді.

Ауғанстанеың ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы басшысы еліндегі ішкі жағдай мен бейбітшілік келіссөздерінің үдерісі  жайлы баяндап: «Иран әрдайым Ауғанстан үкіметі мен халқына қолдау көрсетіп келеді. Біздің үкімет дос әрі туыс ел Ислам Республикасымен барлық салаларда өз қарым-қатынастарын кеңейтуді көздеп отыр»,- деп мәлімдеді.