Иран президенті Албаниямен байланысты кеңейтуді қолдайды
(last modified Sun, 15 Jan 2017 14:34:47 GMT )
Қаң 15, 2017 20:34 Asia/Almaty
  • Иран президенті Албаниямен байланысты кеңейтуді қолдайды

ИИР президенті Албанияның Сыртқы істер министрін қабылдауда Иранның Албаниямен байланысты кеңейтіп, нығайтуды қолдайтынын мәлімдеді.

Иран президенті Хасан Рухани Теһранда Албания Сыртқы істер министрі Дитмир Бушаниді қабылдауда: ««Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кезең барлық салаларда, әсіресе экономика мен сауда-саттықта салаларында Теһран мен Тирананың ынтымақтастықтарын кеңейтіп, тереңдету үшін қолайлы мұрсат тудырып отыр» деді.

Рухани мәдени ынтымақтастықтарды, соның ішінде Иран мен Албанияның университеттік және ғылыми орталықтарының әріптестігін күшейтуді қажеттілік деп атап, Иран мен Албанияның барлық салалар бойынша  байланыстарын нығайтуды екі ел үшін  пайдалы деп атады. Рухани Иранның әрдайым Балқан аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықтың діңгектерін күшейтуге мүдделі екендігін қуаттап: «Теһран лаңкестікпен күрес саласында түрлі елдермен, соның ішінде Албаниямен ынтымақтастық жасауға дайын» деді.

Албания Сыртқы істер министрі Дитмир Бушани де осы кездесуде елінің Теһран- Тирана байланыстарын жан-жақты кеңейтіп, мен тереңдетуге мүдделі екендігін айтты.

Албания Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасымен ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында Теһранға сапармен келіп  отыр.