Рухани: Халықтың сенімі – ИИР үкіметінің басты капиталы
https://itolqyn.com/news/iran-i2350-Рухани_Халықтың_сенімі_ИИР_үкіметінің_басты_капиталы
Иран Президенті халықтың сенімі мен олардың болашаққа деген үмітін ИИР үкіметінің басты капиталы деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2016 14:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықтың сенімі – ИИР үкіметінің басты капиталы

Иран Президенті халықтың сенімі мен олардың болашаққа деген үмітін ИИР үкіметінің басты капиталы деп атады.

Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Йезд облысына жасаған сапарының жалғасында осы облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін дамытуға арналған отырыста: «Иран үкіметі елдің әлемдік деңгейдегі орнын жоғарылатып, күннен күнге Иранды дамытып, абадтандыру үшін халықтың сенімін максималды түрде пайдаланады.

Санкцияларды жою өте ауыр болды, өйткені бұдан пайда көріп отырған кейбір елдер бұл іске қарсы еді. Бірақ Иран үкіметі халықтың көмегімен және Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларымен осы ауыр жолдан өтті»,-деді.

Иран Президенті, сондай-ақ, Йезд облысының үлемдері, ардагерлері мен бетке ұстар тұлғаларымен кездесуінде: «Иранның бүгінгі абырой-беделі мен тәуелсіздігі шәһидтер, ардагерлер, тұтқыннан азат етілгендердің ержүректігі мен жанпидалығына қарыздар»,-деді. Рухани Иранның келіссөз жүргізуші тобының ядролық келіссөздерде Иран халқының құқығын қорғаудағы талпыныстарына тоқталып, бүгінде елдің дамуына жағдайдың жасалғанын қуаттады.

Иран Президенті 26 ақпанда өткен Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің сайлауларын Иран қоғамында халықтың қуанышы үшін жағдай жасады деп санайды.