Рухани: «Plasco» оқиғасы қоғамда жанкештілік пен қызмет ету рухының өміршең екендігін көрсетті
(last modified Wed, 25 Jan 2017 09:19:38 GMT )
Қаң 25, 2017 15:19 Asia/Almaty
  • Рухани: «Plasco» оқиғасы қоғамда жанкештілік пен қызмет ету рухының өміршең екендігін көрсетті

ИИР Президенті Теһрандағы «Plasco» ғимаратының қайғылы оқиғасына тоқталып, бұл оқиғаның ащылығына қарамастан, Иран қоғамында жанкештілік пен қызмет ету рухының өміршең екендігін қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Иранның Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында «Plasco» оқиғасында  құрбан болғандардың, әсіресе жанкешті өрт сөндірушілердің отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға денсаулық тілеп, зиян шеккендерге көмектесуді қуаттады.

Өткен бейсенбі күні таңертең Теһрандағы «Plasco» сауда орталығы өртеніп, шамамен 3 сағаттан кейін оның 15 қабаты толығымен құлады. Осы кезге дейін үйінділердің астынан алты адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі өрт сөндірушілердің мәйіті болып шықты.

Рухани сонымен бірге бұл отырыста Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасы аятолла Һашеми Рафсанджанидің қайтыс болуына қатысты тағы да көңіл айтып, марқұмды Құмдағы діни оқу орталығының ғылыми және білім беру жүйесіне өзгеріс енгізушілердің бірі деп атап, Иранның Ислам революциясында маңызды рөл атқарған және имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің сеніміне ие болған және халықтың үмітінің мәйегі деп атады. 

 

 

Тегтер