Ислам ынтымақтастық ұйымы сионистердің тауарларына санкция салуды сұрады
Ислам ынтымақтастық ұйымы Палестинаның құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеп, сионистік режимнің тауарларына санкция салуды сұрады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам ынтымақтастық ұйымы дүйсенбі күні Индонезияның Джакарта қаласында 57 ел өкілінің қатысуымен өткен төтенше жиналыстың соңында осы ұйымға мүше барлық елдер мен халықаралық қауымдастықты сионистік режим тауарларының өз нарықтарына кіруіне санкция салуға шақырды.
Ислам ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ, отырыс соңында палестиналықтардың өз құқықтарын иеленуіне кепілдік берілу үшін жасалып жатқан саяси-дипломатиялық талпыныстардың барлығын қолдайтынын қуаттады. Бұл ұйым сионистік режимнің арандатушы амалдары мен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасауының алдын алу үшін қолдан келетін барлық шараны қолдануды сұрады.