Зариф: Мұсылмандардың АҚШ жеріне кіруіне тыйым салу – экстремистер үшін сыйлық
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің өз еліне мұсылмандардың кіруіне виза бермеу туралы заңға қол қойғанына реакция білдіріп: «Мұсылмандардың АҚШ жеріне кіруіне тыйым салу экстремистерге берілген сыйлық ретінде тарихқа тіркеледі»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні таңертең Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында: «7 мұсылман елінің мигранттары мен жолаушыларына виза беруге тыйым салу АҚШ уәждерінің негізсіз болғанын көрсетеді.
Иран үкіметімен бірқатар мәселелер бойынша қайшылығы болған жағдайда АҚШ-тың мұсылмандардың кіруіне тыйым салуы бұл елдің Иран халқымен достығы туралы уәждерінің негізсіз болғанын көрсетеді»,-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні кешке лаңкестікпен күрес сылтауымен ислам елдерінің, соның ішінде Иран, Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Сирия мен Йемен босқындары мен мигранттарының АҚШ жеріне кіруіне жаппай шектеу қою туралы бұйрыққа қол қойды.