АҚШ үкімет басшыларының Иран халқын қолдау жөніндегі уәждерінің жалғандығы дәлелденді
ИИР президенті «Басқа ұлттарға виза бермеу саясатқа жаңадан келгендердің әрекеті болып табылады. Америкалықтардың Иран халқын қолдау туралы уәждерінің жалған екендігі АҚШ үкіметінің жаңа шешімімен дәлелденді» деді.
Иран президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Ирандағы Ғарыштық технология ұлттық күні рәсімінде сөйлеген сөзінде ғылым мен білімнің дамығанын және осындай заманда ұлттар мен олардың пікірлерін бөлуге болмайтынын қуаттап: «Бір үкіметтің бірнеше елдің халқына виза беруге тыйым салу арқылы адамдардың арасын бөле аламыз деп ойлауы қателік. «Әлемде кемсітушілікке жол жоқ деп ұрандайтын» АҚШ үкіметінің басшылары қазір адамдарды кемсіту және олардың құқығын бұзу негізінде шара қолданып отыр. Америкалықтар барлық халықаралық қағидалар мен міндеттемелерді аяқ асты етіп отыр. Бүгінгі әлем байланыстар мен пікірлердің ұштасу әлемі болып табылады. Ұлттардың арасын бөлу үшін қорған салудың кезеңі біткен. Иранның ядролық келісімі мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау әлем жұртшылығы үшін әлемдік және аймақтық мәселелерді шешу үшін ең үздік жол келіссөз жүргізу деген жолдауды жеткізді» деді.
.