Иран мәжілісінің депутаттары елдің қорғаныстық әлеуетін қолдаған мәлімдеме жариялады
(last modified Wed, 01 Feb 2017 14:44:11 GMT )
Ақп 01, 2017 20:44 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің депутаттары елдің қорғаныстық әлеуетін қолдаған мәлімдеме жариялады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаттары өз мәлімдемесінде Иранның зымырандық сынақтарының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына қайшы еместігін қуаттады.

Иран мәжілісі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Иран ислам кеңесі мәжілісі депутаттарының Иранның қорғаныстық әлеуетін күшейту және АҚШ президентінің жеті ислам мемлекетінің азаматтарына, соның ішінде Иран азаматтарына виза бермеу негізіндегі жуықтағы шешіміне қатысты реакция көрсеткен мәлімдемесі оқылды. Мәлімдемеде: «Иран халқы өз күш-қуатын әлемдегі өзге алпауыттарға қайшы жаппай қырып жоятын қарулармен, соның ішінде атомдық, химиялық және микробтық қарулармен көрсетпейді. Иран халқы кез-келген жойқын қаруға шынайы қарсылық танытқан күшті исламдық жүйеге ие.

Жаудың шабуылынан сақтанудың жалғыз жолы Иран ислам республикасының зымырандық әлеуетін күшейту болып табылады. Кейбір елдердің осы әлеуетпен қарсылығы қисынға келмейді.

Иран мәжілісінің депутаттары сақтану стратегиясы шеңберінде Иран ислам республикасының қорғаныстық әлеуетін күшейтуді Иранның ұлттық қауіпсіздігі үшін қажеттілік санайды» деп қуатталды.

Иран мәжілісінің депутаттары сондай- ақ шетелдегі ирандықтарға, соның ішінде Америкада тұратын ирандықтарға қолдау көрсетумен қоса, АҚШ президентінің кейбір ислам елдерінің азаматтарына виза бермеу туралы жуырдағы шешімін ислам үмбетін қорлау деп атады.