Ақп 02, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иран – аймақтағы тұрақтылық орталығы

ИИР Вице-президенті: «38 жыл бойғы қарсылықтар мен дұшпандықтарға қарамастан Иран бүгінде аймақтағы ең қауіпсіз ел, әрі тұрақтылықтың орталығы болып табылады»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР Вице-президенті Исһақ Джаһангири сәрсенбі күні Теһранда Медбикелер күніне орай өткізілген мерекелік шарада сөйлеген сөзінде: «Ел ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қоса, ИИР ДАИШ лаңкестік тобына аймақта мемлекет құруына жол бермеді. Бұл Батыс коалициясының ДАИШ-тың қылмыстарына тосқауыл қоя алмаған жағдайда жасалды»,-деді. 

ИИР Вице-президенті ауқымды қастандықтардың Иран халқының қауіпсіздігін бұза алмағанын айтып: «Иран халқы 1979 жылы ұлы ерлік жасап, тарихқа революцияны тіркеді. ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) айтуынша, бұл нұрдың жарылысы болды»,-деді.

Джаһангири америкалықтардың аймақтағы қате саясаттарына тоқталып: «Олар Ирак пен Ауғанстан және басқа елдерге шабуыл жасау арқылы тек жазықсыз адамдарды өлтірді. Енді осы саясаттарды өзгертетін кез келді»,-деді.

 

Тегтер