Ақп 05, 2017 08:31 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Америкалықтардың Иранға қарсы ескірген тұрғыларының құны жоқ

ИИР президентінің бірінші орынбасары америкалықтардың ескірген тұрғыларын Иран халқы мен басшылары үшін түкке тұрғысыз деп атады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири сенбі күні Теһранда техникалық тексеру құрылғысының тұсаукесу рәсімінде «Америкалықтардың «Иран лаңкестерге қолдау көрсетіп отыр» деген ескірген айыптауларын айтушының өзі ұялады. Иран әрдайым аймақта лаңкестермен күресіп келеді.

Америкалықтар Иранға салған санкциялар мен әріптестіктің нәтижелерін көрген. Иран аймақта қиындық тудырушы емес, керісінше қиыншылықтарды шешуге көмектесуші ел.

Егер Иран ислам республикасы болмағанда бүгінде Сирия ДАИШ лаңкестік тобының қарамағына өтіп, араб елдерін ДАИШ қоршап алар еді. Сондықтан қажет болған жерде Иран құзырға ие болды, өйткені Иран тұрақтылық орната алады» деді.

 

 

Тегтер