Рухани Иранның Қырғызстанмен қарым-қатынастарын кеңейтуге әзірлігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i24057
ИИР президенті Иранның Қырғызстанмен инженерлік-техникалық және медициналық қызмет көрсету мен фармакология салаларында қарым-қатынастарын кеңейтуге әзір екендігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2017 14:17 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның Қырғызстанмен қарым-қатынастарын кеңейтуге әзірлігін қуаттады

ИИР президенті Иранның Қырғызстанмен инженерлік-техникалық және медициналық қызмет көрсету мен фармакология салаларында қарым-қатынастарын кеңейтуге әзір екендігін мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Қырғызстанның Теһрандағы жаңа елшісі Авазбек Абдуразақовтың сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде Қырғызстан мен Иранның жеке сектордағы экономикалық ынтымақтастықтарын жоғары бағалап: «Теһран мен Бішкектің сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастары екі елге де пайдалы болып табылады»,- деп баса айтты.

Рухани Иран мен Қырғызстанның қолдарындағы мүмкіндіктерін өзара қарым-қатынастарды дамыту мен нығайту мақсатында пайдалануы тиістігін айтып, екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Қырғызстанның Теһрандағы жаңа елшісі Авазбек Абдуразақов аталмыш кездесу барысында Ислам революциясының жеңісінің жылдығымен құттықтап: «Қырғызстан ирандық компаниялардың елге белсенді түрде келуін қолдайды. Сонымен қатар, консулдық қатынастардың жеңілдетілуі мен Теһранға тікелей рейстің ашылуымен екі елдің экономикалық ынтмақтастықтарының кеңейе түсетіндігіне үміттенемін»,- деді.