Рухани: Иран Беларусь және Еуразия аймағымен ынтымақтастықтарды арттыруды құптайды
(last modified Tue, 07 Feb 2017 08:34:31 GMT )
Ақп 07, 2017 14:34 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Беларусь және Еуразия аймағымен ынтымақтастықтарды арттыруды құптайды

Иран президенті Теһранның Минск және Еуразия аймағы елдерімен экономика, инвестиция және ғылым мен технология салаларында ынтымақтастықтарды арттыруды құптайтынын қуаттады.

Иран президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Беларусь Ұлттық жиналысының республика кеңесінің төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде Иран мен Беларусь елдерінің саясат пен халықаралық ынтымақтастықтарға қатысты жақын ұстанымдарға ие болып, әрдайым бір-бірінің қасынан табылғанын айтып: "Екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтіп, тереңдету екі елдің халқы мен үкіметі үшін пайдалы болады" деді.

Иран президенті сонымен қатар Иранның "оңтүстік-солтүстік" транзиттік дәліз жолын кеңейтуге қатысты бағдарламасына тоқталып: "Беларусь пен Иран ортақ ынтымақтастықтарымен қатар, Парсы шығанағын Еуропа одағына қосатын көпір бола алады" деді.

Беларусьтың Ұлттық жиналысының республика кеңесінің төрағасы Михаил Мясникович те Иран мен Беларусь елдерінің саяси және экономикалық қарым-қатынастарының деңгейін жоғарылатудың маңыздылығын қуаттаумен қатар: "Екі елдің басшыларының мақсаты – қарым-қатынастар деңгейін жоғарылатып, ғылым және технология, экономика, туризм мен парламентаралық қатынас салаларындағы ынтымақтастықтарды кеңейту" деді.