Рухани Еуропа Одағынан еуропалық банктерге Иранмен ынтымақтастық жасауға қолдау көрсетуді сұрады
ИИР президенті: «Еуропа Одағы еуропалық компаниялар мен банктерді Иранмен көбірек байланыс орнату үшін қолдауы керек. Сонда екі тарап ортақ мүддеден мейлінше пайда көреді» деді.
Иран президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Швеция премьер-министрі Стефан Лёве́нмен өткізген ортақ ақпарат отырысында: «"Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасы күшіне енген соң Иран мен Еуропа Одағымен, соның ішінде Швециямен экономикалық байланыстарды кеңейту үшін қолайлы жағдай қалыптасып отыр» деді.
Рухани сондай- ақ Иран мен Швецияның екіжақты, аймақтық және халықаралық түрлі негіздерде сұхбаттасқанын мәлімдеп, аймақтық мәселелерді, әсіресе Ауғанстан мен Ирак, Сирия және Йемен мәселелерін қарастырудың Швеция премьер-министрімен сұхбаттарының келесі өзекті тақырыптары болғанын айтты.
Иран президенті сондай-ақ: «Иран мен Швеция Сирияда ымыраны жалғастыруды, қарсылас топтардың үкіметпен келіссөз жүргізуін, Сирияда тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатып, ДАИШ пен "ән-Носрат майданы" лаңкестік топтарымен күресті жалғастыруды қуаттады» деді.
Швеция премьер-министрі Стефан Лёве́н да Швецияның үлкен сауда делегациясының Теһранға келгенін тілге тиек етіп: «Бұл Швецияның Иран ислам республикасымен байланыстарды жоғарылатуға мүдделігін көрсетеді» деді.