Рухани: Иран ислам революциясы Шығыс пен Батыс блоктарына иек артпастан жеңіске жетті
ИИР президенті Теһранда "Фараби" фестивалінде сөйлеген сөзінде қоғамдағы түйткілдерді шешудің ең үлкен жауапкершілігін гуманитарлық ғылымдардың мойнында деп атады.
Хасан Рухани Теһранда сегізінші "Фараби" халықаралық фестивалінде гуманитарлық ғылымдар саласының ғалымдарының қоғамдағы қиыншылықтарды шешудегі маңызды әсеріне сілтеме жасап: «Ғылымдардың міндеті тек тану мен өзгерту ғана емес, қоғамға жетекшілік етіп, оны жоғарылату болып табылады. Ал ғалымдардың үлкен миссиясы – қоғамды теңдік пен асқақ мақсаттарға жеткізу» деді.
Рухани ислам революциясының жеңісінен кейін Иранда 34-тен астам сайлаудың өткізілгеніне сілтеме жасап, оны исламдық жүйенің мақтаныштары деп атап: «Кемеңгерлер мен ойшылдар ислам революциясын қайтадан зерттеп, қоғамды түзету үшін талпыныс жасауры керек» деді.
Иранның Атқарушы билігінің төрағасы Иран ислам революциясының Шығыс пен Батыс блоктарына иек артпастан жеңіске жеткенін баяндап, гуманитарлық және исламдық ғылымдардың барлық ғалымдарын мен кемеңгерлерін Иран халқының ұлы әрі салтанатты төңкерісінің түрлі қырын зерттеп, баяндау мен тәпсірлеуге шақырып: «Егер Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни қоғамды нақты танымағанда ислам революциясы әлемдік ірі алпауыттардың басым көпшілігінің демеушілігіне ие болған аймақтық бір ірі алпауытқарсы соғыста жеңіске жетпес еді» деп қуаттады.