Люксембург Сыртқы істер министрі Иран президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i24334
Иран президенті Люксембург Сыртқы істер министрін қабылдауда: «Егер қарсы тараптар өз міндеттемелеріне берік болса Иран "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелерін орындайды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 14, 2017 23:04 Asia/Almaty
  • Люксембург Сыртқы істер министрі Иран президентімен кездесті

Иран президенті Люксембург Сыртқы істер министрін қабылдауда: «Егер қарсы тараптар өз міндеттемелеріне берік болса Иран "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелерін орындайды.

"Ортақ қадам" келісімі «ұтыс-ұтыс» бағдарымен реттеліп, қол қойылған келісім болып табылады. Оны жалғастыру үшін барша талпыныс жасауы керек. Сонда өзге елдердің келіссөз бен келісімнің тиімділігіне көздері жетіп, үмітсіз болмайды» деді. Иран президенті Иран мен Еуропаның байланыстарын кеңею үстінде деп бағалап: «Иран Еуропаны қажетті энергиямен қамтамасыз ету, Еуропаны Үнді мұхиты және Шығыс Азия аймағымен байланыстыру үшін транзиттік жол бола алады» деді. Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборн: «Иран аймақтық мәселелерді шешуде маңызды да әсерлі рөлге ие. Теһранға сапарда инвестиция салуды қолдау құжаты мен Иран мен Люксембургтің орталық банктері арасындағы ынтымақтастық келісімшартына қол қойылып, қорытындыланды» деді.

Ассельборн бұдан бұрын Иран Сыртқы істер министрі және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен де кездескен болатын.