Әлемнің экономикалары арасында Иран оңтайлы әрекет жасады
Иранның Экономика және қаржы істері министрі: «Әлемдік банктің статистикалық мәліметі бойынша Иран әлем экономикалары арасында оңтайлы әрекет жасаған» деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Экономика және қаржы істері министрі Әли Тайебния сәрсенбі күні Иранның оңтүстігіндені Хормозган облысының әкімшілік кеңесінің отырысында Иран экономикасының 7 жарым пайыздық өсіміне сілтеме жасап, Иран экономикасының құрылыс бөлімінен басқа экономиканың барлық бөлімдерінде оң өсімге ие болғанып мәлімдеп: «Иранның сауда балансы алғаш рет оң болып, мұнайдан тыс экспортының көлемі импорттан бір миллиард доллар көбірек болды.
Иранның экспорты 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда салмағы тұрғысынан 30 пайызға, құны бойынша 24 пайызға ұлғайған.
Иранның мұнайға деген тәуелділігі мен экономиканың үкіметтік болуы азайып келеді» деді.