БҰҰ Түркия халқы мен ақпарат құралдарының басып-жаншылуына қатысты алаңдаушылық білдірді
(last modified Tue, 02 Feb 2016 13:03:47 GMT )
Ақп 02, 2016 19:03 Asia/Almaty
  • БҰҰ Түркия халқы мен ақпарат құралдарының басып-жаншылуына қатысты алаңдаушылық білдірді

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары Түркия қауіпсіздік күштерінің бейбіт халық және ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты қатыгез қатынастарына байланысты алаңдаушылық білдіріп, үкіметті сынағаны үшін қамауға алынған тұтқындарды азат етуді сұрады.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хосейн дүйсенбі күні Түркия қауіпсіздік күштерінің осы елдің бейбіт халқының бір тобына жасаған шабуылы мен шамамен 10 күн бұрын орын алған бір операторға оқ ату оқиғасына қатысты алаңдаушылық білдіріп, аталмыш күштердің бейбіт халықпен, әсіресе, ақпарат құралдарының өкілдерімен қатынас тәсілін қатыгездік деп атады.

БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары сонымен қатар Түркия соттарының өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Cumhuriyet газетінің бас редакторы Джан Дюндар мен осы газеттің Анкарадағы кеңсесінің басшысы Эрдем Гюльге қатысты үкімдерін қатаң сынап, Түркия үкіметі қайраткерлерінен осы үкімдерді қайта қарауды талап етті.